Алматыда бес адамның өмірін қиған өртке қатысты 37 жастағы әйел күдікке ілінді
Алматы полициясы бес адамның өмірін қиған жеке үйдегі өртке қатысты қылмыстық істің ашылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тергеу нұсқасы бойынша, қайғылы оқиға жеке бас араздығы салдарынан қасақана өрт қоюдан болған.
Полиция қызметкерлері тергеу барысында бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп, күдіктінің болуы мүмкін қозғалыс бағытын анықтаған.
"Тергеу нұсқасы бойынша, қайғылы оқиға жеке бас араздығы негізінде жасалған қасақана өрт қоюдан болған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 37 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр", – деп хабарлады полиция.
Еске салайық, қайғылы оқиға 26 қарашаға қараған түні Алматының Бостандық ауданында болған. Өртті сөндіру кезінде үй ішінен бес адамның, оның ішінде кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық істер тіркеліп, арнайы тергеу-жедел тобы құрылған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
"Арқан тарту, күйеу көру, тамада": Қазақтың тойы заман ағымына қарай қалай өзгерді
Этнограф: “Бұрынғы тойда да тамада, әнші, бишілер болған”
Көршінің шуы қаншалықты қатты екенін қалай өлшеуге болады және ол үшін қайда шағымдану керек
Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті айтып берді