Қазақстандық көпбалалы аналар "Алтын алқа" мен "Күміс алқаны" алу үшін прокуратураға жүгінуге мәжбүр болған
Түпқараған ауданында әкімдік қызметкерлері мемлекеттік наградаларды рәсімдеуге қажетті құжаттарды жолдауды созып жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, аудан прокуратурасы әкімдік қызметкерлерінің мемлекеттік наградаларды рәсімдеуге қажетті құжаттарды дайындау және жолдау мерзімдерін негізсіз созғанын анықтаған.
Салдарынан әйелдер лайықты марапаттарын уақытында ала алмай, заңда көзделген әлеуметтік қолдау шараларын пайдалану мүмкіндігінен айырылған. Прокуратура араласқаннан кейін 10 ананың да құқығы қалпына келтіріліп, оларға мемлекеттік наградалар табысталды.
Сонымен қатар алдағы уақытта марапаттау құжаттарын уақытылы рәсімдеуді қамтамасыз ету және заңбұзушылықтарға себеп болған жағдайларды жою шаралары қабылданған.
Прокуратураның хабарлауынша, жергілікті атқарушы органдардың кінәлі лауазымды тұлғалары жауапкершілікке тартылған.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап бірқатар мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау тәртібі өзгеретінін жазған едік. Үкіметтің 2026 жылғы 5 қазандағы №870 қаулысына сәйкес, әлеуметтік төлемдерді тағайындағанда отбасының материалдық жағдайы ескеріледі.
Қаулыға сәйкес, тұрмыс деңгейі жоғары "А" және ауқатты "В" санатына жататын отбасыларға аталған төлемдерді тағайындамау көзделген. Ал жәрдемақы алып жүрген отбасының тұрмыс жағдайы жақсарып, осы санаттардың біріне өтсе, төлемі тоқтатыла тұрады.
А санаты – әл-ауқат деңгейі жоғары отбасылар. Бұл санатты анықтау үшін белгілердің кемінде екеуі қатар болуы қажет. Бір адамға шаққандағы айлық кіріс356 мың теңгеден басталғанда, жалпы ауданы 120 шаршы метрден асатын бірнеше тұрғын үйі болғанда, ірі бизнес және люкс санатындағы автокөлік болғанда әл-ауқаты жоғары деңгейдегі отбасыға жатады. Ауыл шаруашылығымен айналысатындар үшін 300 гектардан астам ауыл шаруашылығы жерінің болуы даескеріледі. Бұл санатқа 329 мың немесе 5% үй шаруашылықтары жатады.
Егер отбасының материалдық жағдайы кейін нашарлап, ай сайын жүргізілетін бағалау нәтижесінде әлеуметтік көмек алуға сәйкес санатқа өтсе, жәрдемақыны қайта төлеу мүмкіндігі қарастырылған.
Қазір Қазақстанда көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақы табыс деңгейіне қарамастан беріледі. Төрт және одан көп баласы бар, заңда белгіленген талаптарға сәйкес келетін отбасылар бұл төлемді алуға құқылы.
2026 жылы төрт баласы бар отбасылар ай сайын 69 330 теңге, бес баласы барлар 86 673 теңге, ал алты баласы барлар 104 017 теңге алады. Жеті баласы бар отбасылар үшін жәрдемақы мөлшері 121 360 теңге болып белгіленген.
Бұдан кейін қазақстандық көпбалалы отбасылар ай сайын алатын жәрдемақыларынан бас тарта бастаған еді.
"Арқан тарту, күйеу көру, тамада": Қазақтың тойы заман ағымына қарай қалай өзгерді