Дәрігерлер қателесіп, ер адамның жыныс мүшесі мен қуық безін алып тастаған
Швецияда дәрігерлердің қате диагнозы салдарынан ер адам жыныс мүшесінен, қуық асты безі мен қуықтан айырылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sveriges Radio радиостанциясына сілтеме жасап хабарлайды.
Швецияның Шевде қаласындағы ауруханада дәрігерлер қате диагноз қойып, науқасқа ауыр операция жасаған. Ер адамнан жыныс мүшесі, қуық асты безі және қуық алынған.
Бастапқыда дәрігерлер қуық асты безі мен несеп шығару өзегінен алынған тін үлгілерін зерттеп, науқасқа қуық асты безінің қатерлі ісігі диагнозын қойған. Бірнеше айдан кейін оған жалпақ жасушалы қатерлі ісік диагнозы да қойылған.
Қайта тексеру жеті айдан кейін ғана жүргізілген. Осы уақыт аралығында ер адам бірнеше мүшесінен айырылып үлгерген.
Дұрыс диагноз дер кезінде қойылғанда мұндай ауқымды операциядан құтылуға болар-болмасы әзірге белгісіз.
Қазір дәрігерлердің әрекетіне қатысты тергеу жүріп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық әйел дәрігерлердің қателігін айтып, әлеуметтік желіде наразылығын білдірді. Оның сөзінше, жарақат алған қызын ауруханаға апарған кезде медицина қызметкерлері сынған аяғының орнына сау аяғына гипс салып жіберген. Баланың анасы оқиғаның видеосын жариялап, дәрігерлердің әрекетіне түсіністікпен қарауға тырысқанымен, жағдайға таңғалғанын жеткізді. Сондай-ақ оның айтуынша, аурухана қызметкерлерінің бірі үйіне барғанда көретінін айтып, өзіне дөрекі сөйлеген.
"Арқан тарту, күйеу көру, тамада": Қазақтың тойы заман ағымына қарай қалай өзгерді