Қазақстандық дәрігерлер шатасып баланың сау аяғына гипс салып тастаған
Желіде қазақастандық әйел баласының сау аяғына гипс салған дәрігерлерді сынады. Айтуынша, олар ауруханаға қызының аяғы жарақат алып барған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әйел оқиғаның видеосын желіге жариялады.
“Мынау ауырып, сынып келген аяғы мынау да, бірақ не екені белгісіз екінші аяғына гипс салып тастаған. Хайп деп жазып жатыр екен. Хайп ұстайтын адам емеспін. Бұл жағдайда не күлеріңді не жыларыңды білмисің. Ол кісілерде шаршайды ғой деп ойлайсың. Бірақта кеше “рахмет айт үйіңе барғанда көрмегеніңе” деп өзіме сөйлеп тұр”, – деді әйел.
Әлеуметтік желі қолданушылары мұны медицина қызметкерлерінің елеулі қателігі болуы мүмкін деп есептеп, жағдайды тексеруді талап етті. Ал кейбірі керісінше дәрігерлерді бірден кінәламауға шақырды.
"Баланың өзі қай аяғы екенін неге айтпаған”, “Дәрігерлерді сынай бермеңіздер, түнгі ауысымда шаршаған шығар. Олар да адам”, “Мұндайлар осылай адамды өлтіреді. Сотқа беру керек”, “Гипсті дәрігер емес, медбике, мейірбек салады. Сонда да ұят болыпты”, – деп жазды жұртшылық.
Кейін баланың анасы сынықшыға барып, салдырғанын да хабарлады.
Жамбыл облысында ер адам аяғы ауыр әйелін молаға апарып ұрып-соқты деп айыпталды
