Маңғыстау оқушылардың мәзіріне шұбат қосылған: Мектепке жеткізілетін өнім қалай тексерілмек
Маңғыстау облысында мектеп оқушыларының ас мәзіріне шұбат қосылды. Қазақстанда алғаш рет қолға алынған пилоттық жоба әзірге Жаңаөзен қаласында жүзеге асып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңаөзендегі 25 мектептің ас мәзіріне шұбат қараша айынан бастап қосылды. Қазір сусынды екі аптада бір рет бастауыш сынып оқушылары ішіп жатыр. Әр балаға 200 граммдық жеке бөтелке беріледі екен.
Жобаның мақсаты - ұлттық сусынды оқушылардың күнделікті рационына қосу. Табиғи өнімнің құрамында ақуыз, кальций, фосфор және В тобының дәрумендері бар. Ұстаздар да бұл бастаманы қолдап отыр.
Балаларға арналған шұбат Жаңаөзен қаласындағы сүт зауытында өндіріледі. Шикізат жергілікті шаруа қожалықтарынан жеткізіледі. Түйелердің ветеринарлық құжаттары тексеріліп, сүттің өзі зертханалық бақылаудан өтеді. Ал оқушыларға арналған өнімнің ерекшелігі ашу деңгейінің төмендігі дейді мамандар.
Қазір Жаңаөзен мектептерінде 15 мыңнан астам оқушы шұбат ішіп жүр. Әзірге жоба осы қалада ғана жүзеге асып жатыр. Егер пилоттық жоба оң нәтиже берсе, шұбат облыстың басқа аудандарындағы оқушыларға да ұсынылуы мүмкін.
"Арқан тарту, күйеу көру, тамада": Қазақтың тойы заман ағымына қарай қалай өзгерді