Пентагонның бұрынғы қызметкері адамдардың арасында өмір сүретін жатғаламшарлықтар туралы айтты
АҚШ-та Пентагонның бұрынғы қызметкері жатғаламшарлықтардың адамдар арасында өмір сүріп жатқанын және олардың Жерге қатысты жоспары бар екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Гэри Мошье АҚШ Қорғаныс министрлігінде 30 жылға жуық жұмыс істеп, жаңа қару-жарақ түрлерін әзірлеуге қатысқан. Кейін ол белгісіз ұшатын нысандарды (НЛО) зерттеуге кірісіп, оларды жатғаламшарлықтардың ғарыш кемелері деп санайтынын мәлімдеген.
Бұрынғы қызметкердің пікірінше, әскери қызметкерлер түсірген көптеген белгісіз нысан жатғаламшарлықтардың технологиялық басымдығын көрсетуі мүмкін.
"Олар біздің жойғыш ұшақтарымызға қарсы шығып, соңынан ереді, бақылап, әуеде қақтығыстарға тартады. Негізінде, осылайша өздерінің технологиялық тұрғыдан бізден әлдеқайда озық екенін көрсетеді. Олар бізді келеке етіп жүргендей", – деді Мошье.
Зерттеушінің пайымдауынша, жатғаламшарлықтардың адамзатпен ашық қақтығысқа бармауы олардың Жерді тіршілік етуге жарамды күйде сақтағысы келетінін білдіреді. Мошье олардың Жерде адамдармен бірге өмір сүріп жатқанына сенімді екенін де айтты.
"Менің ойымша, Жерге басты мақсаты осында қоныстану болатын жатғаламшарлықтар келді. Олар мұнда өмір сүріп, өсіп-өнгісі келеді", – деді ол.
Сондай-ақ Мошье жатғаламшарлықтар малды жарақаттап, егістіктерде түрлі шеңберлер қалдыру арқылы адамдардың қоршаған ортаға немқұрайлы қарауына назар аудартқысы келеді деп болжайды. Оның айтуынша, жатғаламшарлықтар ұрлап әкеткеніне сенетін кейбір адамдар да олармен осындай тақырыпта сөйлескенін айтқан.
"Оларды Жер планетасына қалай қамқорлық жасап жатқанымыз алаңдатады", – деп түйіндеді НЛО зерттеушісі.
"Арқан тарту, күйеу көру, тамада": Қазақтың тойы заман ағымына қарай қалай өзгерді