Тоқаев мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Мемлекет басшысы Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді”, – делінген хабарламада.
Еске салайық, бүгін елімізде кезектен тыс мәслихаттар депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Сайлау учаскелері таңғы 7:00-де ашылған.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 14:00-дегі жағдай бойынша дауыс берушілердің үлесі мынадай:
- Астана қаласы – 33,27%;
- Абай облысы – 51,82%;
- Ақмола облысы – 49,14%;
- Ақтөбе облысы – 54,17%;
- Алматы облысы – 51,36%;
- Атырау облысы – 46,71%;
- Батыс Қазақстан облысы – 46,12%;
- Жамбыл облысы – 48,05%;
- Жетісу облысы – 58,35%;
- Қарағанды облысы – 44,76%;
- Қостанай облысы – 46,21%;
- Қызылорда облысы – 56,38%;
- Маңғыстау облысы – 47,51%;
- Павлодар облысы – 46,83%;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 43,74%;
- Түркістан облысы – 56,91%;
- Ұлытау облысы – 43,63%;
- Шығыс Қазақстан облысы – 54,46%;
- Алматы қаласы – 25,72%;
- Шымкент қаласы – 32,74%.
Республика бойынша сағат 14:00–де тізімге енгізілген сайлаушылардың 45,46 % дауыс берді.
"Арқан тарту, күйеу көру, тамада": Қазақтың тойы заман ағымына қарай қалай өзгерді
Этнограф: “Бұрынғы тойда да тамада, әнші, бишілер болған”
Көршінің шуы қаншалықты қатты екенін қалай өлшеуге болады және ол үшін қайда шағымдану керек
Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті айтып берді