Алматыда % Arabica кофеханалар желісі ашылды: Ашылу күнінде ұзын-сонар кезек түзілді

Алматыда Жапониядан бастау алған әйгілі кофеханалар желісі ашылды. Алайда алғашқы күні ұзын-сонар кезек түзілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде тараған видеолардан келушілердің кезекте тұрғанын көруге болады. Брендтің алғашқы кофеханасы Esentai сауда орталығында 28 қарашада ашылған.
"Арабикада" кофе алу үшін кезекте тұрғандар, бір сұраққа жауап беріңіздерші. Неге мен өз ақшама кофе алу үшін кезекте тұруым керек? Меніңше, кофе немесе донат үшін кезек күту – өзіңді құрметтемеу. Кафе таңдағанда мен ең алдымен жайлылыққа, сапалы қызметке және жеке кеңістікке мән беремін. Ақшамды да сол үшін төлеймін. Маған мұндай жағдай тіпті күлкілі көрінеді. Ал сіздер қалай ойлайсыздар?” – деп жазды желі қолданушыларының бірі.
Ал енді бірі кофехана өкілдеріне шыдамдылық танытқаны үшін алғысын жеткізді.
“Arabica-ның ашылғанын қандай асыға күттік. Іші сондай әдемі, жарық әрі жайлы. Кофесінің дәмі де бұрынғыдай нәзік әрі қанық. Баристаларына бөлек рақмет! Осындай адам көп келіп жатқанда ауысымды аяқтап, күлімсіреуді тоқтатпау оңай емес. Тіпті көңілі толмай, наразылық білдірген қонақтарға да сабырмен қызмет көрсетті. Жарайсыздар!” – делінген жазбада.
% Arabica – жапондық specialty coffee мәдениетін ұстанатын халықаралық кофехана желісі.
Брендтің халықаралық бас кеңсесі мен негізгі флагмандық кофеханасы Жапонияның Киото қаласында орналасқан. Алғашқы кофеханасы 2013 жылы Гонконгта ашылған. 2025 жылғы маусымдағы мәлімет бойынша, желінің әлем бойынша 253 кофеханасы болған.
"Арқан тарту, күйеу көру, тамада": Қазақтың тойы заман ағымына қарай қалай өзгерді