Қарағандыда жүріп келе жатқан автобустан өрт шықты
29 қарашада Қарағандыда жүріп келе жатқан автобустан өрт шықты. Мұны байқаған полицейлер көмекке келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полиция қызметінің мәліметінше оқиға Бұқар жырау көшесіндегі “45 квартал” аялдамасы маңында болған. Орталық сектор аумағын патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері №01 бағыттағы автобустың қозғалтқыш бөлігінен өрт шыққанын анықтаған.
“Жағдайды бірден бағамдаған тәртіп сақшылары жолаушылар мен 51 жастағы жүргізушіні автобустан шұғыл түрде эвакуациялап, қауіпсіз жерге шығарды. Сонымен қатар қолда бар өрт сөндіргіштердің көмегімен тілсіз жауды ауыздықтауға кірісті. Нәтижесінде өрт толықтай сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ”, – делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлерінің қырағылығы мен үйлесімді іс-қимылының арқасында жолаушылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, ықтимал қауіптің алдын алу мүмкін болған.
"Арқан тарту, күйеу көру, тамада": Қазақтың тойы заман ағымына қарай қалай өзгерді
Этнограф: “Бұрынғы тойда да тамада, әнші, бишілер болған”
Көршінің шуы қаншалықты қатты екенін қалай өлшеуге болады және ол үшін қайда шағымдану керек
Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті айтып берді