Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Блогер Джузефинаның үстінен желідегі тікелей эфирі үшін іс қозғалды

Джузефина
Фото: Жеке парақшасынан

Джузефина лақап атымен танымал блогер Жұлдыз Жауынбаеваның үстінен әлеуметтік желідегі тікелей эфирлерінен кейін іс қозғалды. Ол эфирде әкесінің оны бала кезінде зорлағанын айтқан еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қостанай облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қыздың бейнежазбалары әлеуметтік желілерде таралған. Тікелей эфир кезінде ол бейәдеп сөздер айтып, орынсыз мінез-құлық танытқан.

Полиция тергеу жүргізіп, туыстарымен сұхбаттасып, жарияланған материалдарды қарап шықты. Қыздың ата-анасы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ қыздарымен ұзақ уақыт бойы байланыста болмағанын мәлімдеді.

Полиция барлық тараптың уәждері тексерілетінін атап өтті.

Сонымен қатар ата-анасының шағымы бойынша жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Қыз ұсақ бұзақылық үшін де жауап береді.

Полиция департаменті мұндай әрекеттер үшін жазалар туралы еске салды.

"Кез келген жалған ақпарат әкімшілік және қылмыстық заңнама бойынша заңды түрде қарастырылып, жазаланады", – деп хабарлады полиция.

Жұлдыз Жауынбаеваның тікелей эфирдегі хабарлары бұған дейін желіде кеңінен талқыға түсті. 

Айта кетейік, блогер Жузефина мен әнші Qanay-дың арасында дау туғаны хабарланған еді. Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында әнші Qanay-ға қатысты бірқатар жазба жариялады. Ол алдымен әншімен жазысқан хатының скриншотын бөлісті. Өнер иесі блогерге “Жақсылық жасаудан жеңілесің ғой. Айтқаның келсін, сен Аллаға лайықты құл боп өл” деп жазған.

Ал Жұлдыз Жауынбаева бұған жауап ретінде оның бетпердесін шешетінін айтты.

“Бетперделер шешілсін. Сұхбатқа шақырыңдаршы, барлық шындықты айтайын, бәрін ішімде сақтағаннан шаршадым. Бәрінің бетпердесін шетінен қолдарына шешіп берейін”, – деді ол.

Қырмызы Скендір
Бейсенбі, 25 Маусым, 2026 12:39