"Бетперделер шешілсін": Блогер Жузефина мен әнші Qanay-дың арасында дау туды

Жузефина лақап атымен танымал қазақстандық блогер Жұлдыз Жауынбаева оқырмандарын ойландырып қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында әнші Qanay-ға қатысты бірқатар жазба жариялады. Ол алдымен әншімен жазысқан хатының скриншотын бөлісті. Өнер иесі блогерге “Жақсылық жасаудан жеңілесің ғой. Айтқаның келсін, сен Аллаға лайықты құл боп өл” деп жазған.
Ал Жұлдыз Жауынбаева бұған жауап ретінде оның бетпердесін шешетінін айтты.
“Бетперделер шешілсін. Сұхбатқа шақырыңдаршы, барлық шындықты айтайын, бәрін ішімде сақтағаннан шаршадым. Бәрінің бетпердесін шетінен қолдарына шешіп берейін”, – деді ол.
Ол сондай-ақ желіде үлгілі отбасы ретінде танылып жүрген бірқатар блогерлердің құпиясын білетінін және оны бір күні көпшілікке жария етуі мүмкін екенін жазды.
“Желіде “Ойбай, отбасым” деп беті жылтырағанның қаншамасы менің көз жасыма қалған. Үлгілі отбасы дейтіндердің біразының берекесінің б әріпін ұстап отырмын. Ашуым келсе, жая саламын. Құдай бар”, – деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін әнші Qanay-дың анасы дүниеден өткені хабарланған еді.
"1 миллион теңге талап еткен": Топ болып қыз зорлағаны үшін 15 жылға сотталған жігіттердің жақындары сот шешіміне қарсы шықты
Оқыңыз