"Түнде хабарласып, ұятты жерін көрсетті": Джузефина блогер Дархан Жолшыбековтің былығын әшкереледі

Джузефина лақап атымен танымал блогер Жұлдыз Жауынбаева журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында Дархан Жолшыбеков пен оның жұбайы Дариға Нүркееваға қатысты былықтың бетін ашты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогердің айтуынша, бәрі Бота Мианың туған күнінде басталған. Сол жерде Дариға Жұлдызға күйеуі Дарханның онымен араласуға қарсы екенін айтқан.
“Амандастық. Сөйтіп ол “Маған күйеуім сенімен сөйлеспе деп айтты” деді. Мен түсінбей қалдым да, “жарайды” деп үндемей кетіп қалдым”, – дейді блогер.
Осыдан кейін Джузефина бұған дейін болған оқиғаны еске алды. Оның сөзінше, АҚШ-та оқып жүрген кезінде Дархан Жолшыбеков оған видеоқоңырау арқылы хабарласып, әдепсіз ұсыныс жасаған. Блогердің айтуынша, қолында сөзін дәлелдейтін скриншоттар бар.
“Дархан маған хабарласып біртүрлі әңгіме айтты. Оның мұнысын түсінбедім, мен ұйықтап жатқан едім. Қоңырау шалды да “Мен сені қалап тұрмын” деп бір жерін көрсетті. Кейін бұл туралы Дариғаға айтпауымды сұрады. Мен үндемей жүрдім”, – деді ол.
Жұлдыз Жауынбаева біраз уақыттан кейін Дариғаның бұл жағдайдан хабардар болғанын айтты.
“Менде скриншоттар бар. Бірақ оларды бопсалау үшін пайдаланбаймын. Бұл – тек айтқандарымды растайтын дәлел. Дариғаға сұхбат беретінімді айтқанмын. Сол кезде Дархан туралы айтшы деді”, – деді блогер.
ОқыңызАйта кетейік, блогер Жузефина мен әнші Qanay-дың арасында дау туғаны хабарланған еді. Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында әнші Qanay-ға қатысты бірқатар жазба жариялады. Ол алдымен әншімен жазысқан хатының скриншотын бөлісті. Өнер иесі блогерге “Жақсылық жасаудан жеңілесің ғой. Айтқаның келсін, сен Аллаға лайықты құл боп өл” деп жазған.
Ал Жұлдыз Жауынбаева бұған жауап ретінде оның бетпердесін шешетінін айтты.
“Бетперделер шешілсін. Сұхбатқа шақырыңдаршы, барлық шындықты айтайын, бәрін ішімде сақтағаннан шаршадым. Бәрінің бетпердесін шетінен қолдарына шешіп берейін”, – деді ол.
"Еркекке айналып, жас қыздармен қатынасқа түседі": Қазақстандық әйелдер түрмедегі былықтарды жайып салды