Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзіңді терроризмнің көшбасшысы деп атасаң болады": Рамзан Қадыров Пайғамбардың карикатурасы үшін Макронға шүйлікті

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Франция президенті Эммануэль Макронды "дінге шүйлігуді" тоқтатуға шақырды.  Франция билігі мен ел президентінің қазіргі әрекеттері адамдарды терроризмге итермелейтінін ескертті. Бұл туралы Қадыров өзінің Telegram каналында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Рамзан

"Макрон, кеш болмай тұрғанда діни сенімге байланысты арандатушылығыңды доғар! Әйтпесе, экстравагантты шешімдер қабылдаған президент ретінде тарихқа қаласыз. Бүгінгі таңда карикатураларды жариялау туралы абсурдтық ұстанымыңызды бүкіл әлемдегі мұсылмандар ғана емес, сонымен қатар басқа конфессиялардың кез келген ақылды өкілдері де жөнсіз көреді", - деп жазды Қадыров.

Шешенстан басшысы Парижде қайтыс болған мұғалім өз өліміне себепші болатын әрекетке барған деп есептейді.

 



"Мұғалім сабағында карикатураларды пайдаланып, студенттердің ашуына тиген. Олардың наразылықтары мен пайғамдарды мазақ ететін суреттерді қолданбау туралы өтініштерін ескермеді. Нәтижесінде сіз оны Францияның батыры дәрежесіне көтеріп, оны арандатқан адамды террорист етіп жасадыңыз", - деді Шешенстан басшысы.

Айта кетейік, бұдан алдын Франция президенті Шешенстанның бас мүфтиі Салах-Хаджи Межиевті әлемдегі "№1 террорист" деп атаған еді. Сондай-ақ, сабағында Мұхаммедтің карикатураларын көрсеткен тарих пәні мұғалімінің басын 18 жастағы шешенстандық студент кесіп алған еді. Осы жағдайдан кейін Мұхаммед пайғамбардың карикатурасы Франциядағы мэрия қабырғасында көрсетілді.

Талқылау