Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Францияда дәрісінде Мұхаммедтің карикатураларын көрсеткен тарих пәні мұғалімінің басын кесіп алды

Париждің маңында 18 жастағы жергілікті тұрғын сыныпта сөз бостандығын талқылау кезінде Мұхаммед пайғамбарды мазақ еткен суреттерді көрсеткені үшін көшеде тарих профессоры П. Сэмюэлдің басын кесіп тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 16 қазан күні түстен кейін болған. Қылмыс нұсқаларының біріне сәйкес, оқушылардың бірінің әкесі дәл көшеде мұғалімге ас үй пышағымен шабуылдаған.

БАҚ қылмыскер 18 жастағы шешен болған деп мәлімдеді. The Guardian басылымының жазуынша, қаскөй - Мәскеудің тумасы.

Қылмыс куәгерлері шабуылдаушының  "Аллаһу акбар" деп айқайлағанын айтты. Қаскүнем пышақпен шамамен 600 метр жүріп өткен, содан кейін полиция патрульі оны байқап, атып өлтірген.

Алайда, Le Parisien басылымының нұсқасы бойынша, кісі өлтіруші қылмыстан кейін Парижге жақын маңдағы Эраньи-сюр-Уазға барған, полицейлер оны сол кезде көріп, өз еркімен берілуді ұсынған. Жауап ретінде қаскөй қалтасынан тапанша шығарған, ал полиция оны атып тастады.

Істі терроризмге қарсы бөлім тергеп жатыр. Қазір полиция, өткен аптада Twitter-де жарияланған видеоны да тексеріп жатыр, онда ер адам мұсылман дінін ұстанатын қызының Мұхаммед пайғамбардың карикатуралары көрсетілген сабақта болғанын және мұғалімнің іс-әрекетінен шошығанын айтқан.

Бұдан басқа, қылмыскердің жанынан мылтық табылғаны туралы да хабарлар таралып жатыр. Сондай-ақ, полицейлер өлтірмес бұрын қаскүнем өз әрекетін түсірген видеоны интернетке жариялады деген болжамдар айтылуда.

Талқылау