Бектенов Қазақстанда ипотеканың бастапқы жарнасын төмендетуді тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда ипотеканың бастапқы жарнасын төмендету туралы тапсырма берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкімет отырысында премьер-министр 2026 жылға арналған құрылыс саласының негізгі міндеттерін белгіледі. Басты мақсаттардың бірі – жоспарланған 20,4 миллион шаршы метр тұрғын үйді нақты пайдалануға беру.
Бектеновтің айтуынша, тұрғын үйлер қажетті инфрақұрылыммен және абаттандырумен қамтамасыз етіліп, қоныстануға толық дайын болуы тиіс.

Сонымен қатар премьер-министр азаматтар үшін тұрғын үй бағдарламаларының қолжетімділігін арттыруды тапсырды.
“Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Өнеркәсіп министрлігімен бірлесіп, бастапқы жарна мөлшерін төмендету тетіктерін енгізуге қатысты қосымша ұсыныстар әзірлеуі қажет”, – делінген Үкімет хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Отбасы банк ипотеканың ережелерін жаңартып, үй алуды жеңілдеткені туралы жазған едік.
Алтын мен әшекей бұйымдарды қалай ажыратуға болады: Зергер көпшілік біле бермейтін белгілерді атады
Алтынның шынайылығын тек түсіне, жылтырына немесе салмағына қарап анықтау дұрыс емес
19 жастағы Аяжан Еділова қалай қаза тапты: Бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген қылмыстың хронологиясы
Аяжан Еділова бар болғаны 19 жасында кісі қолынан қаза тапты