Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес – Тоқаев
Мемекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды қазақ тілін өзге тілдерге қарсы қоймауға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент ел бірлігін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл екенін тағы бір мәрте еске салды.
“Дегенмен мына нәрсені есте ұстаған абзал: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес. Басқаша айтқанда, ана тілімізді басқа тілдерге қарсы қоюға мүлдем болмайды. Тілдерді пайдаланып, қоғамдық жанталас, жанжал жасағысы келетін арандатушылар өте қауіпті істермен айналысып жүр. Сондықтан оларды "Заң мен тәртіп" қағидасына сәйкес жауапкершілікке тарту керек”, – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей екенін атап өтті.
“Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә. Оның салдарын өз көзімізбен көріп жатырмыз. Біз қазақ тілін ең алдымен бірлік пен ынтымақ тілі ретінде дамытуымыз керек. Ана тіліміз жаһан жұртшылығына тартымды тіл болуы керек. Біртұтас халқымызды бөліп-жаруға мүлдем болмайды. Өз тұтастығын сақтай алмаған халық басқаларға үлгі-өнеге көрсете алмайды, басқа елдердің құрметіне ешқашан ие болмайды”, – дейді президент.
Ол отандастарды бір-біріне құрмет көрсетіп, өзара сыйластықпен қарап, ынтымақты нығайтуға шақырды.

Бұған дейін Қазақ тілін дамыту қорында 824 миллион теңге жиналғаны туралы жазған едік. Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы Рауан Кенжеханұлы Президентке "Қазақ тілі" қоғамы үш бағытта жұмыс істеп жатқанын айтты. Олар – қазақ тілін оқыту тәсілдерін жетілдіру, қазақша контентті көбейту және жаңа технологиялар арқылы тілдің қолданыс аясын кеңейту.
Алтын мен әшекей бұйымдарды қалай ажыратуға болады: Зергер көпшілік біле бермейтін белгілерді атады
Алтынның шынайылығын тек түсіне, жылтырына немесе салмағына қарап анықтау дұрыс емес
19 жастағы Аяжан Еділова қалай қаза тапты: Бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген қылмыстың хронологиясы
Аяжан Еділова бар болғаны 19 жасында кісі қолынан қаза тапты