Ақтөбеде бір айда үшінші әйелді өлтіріп кетті: Күдікті ретінде бұрынғы күйеуі ұсталды
Ақтөбе қаласының іргесіндегі Есет батыр ауданында 5 қараша күні кешкі уақытта 26 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Осымен бір айда Ақтөбеде үшінші әйел кісі қолынан қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Белгілі болғандай, 31 жастағы күдікті – марқұм әйелдің бұрынғы күйеуі. Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыс бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы тұрмыстық жанжал салдарынан болған. Әйел тұншығып, көз жұмған.
“Күдікті ұсталып, Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды”,- деп мәлімдеді полиция.
Айта кетейік, 12 қазаннан бері Ақтөбеде жас әйелдердің өліміне қатысты бұл – үшінші оқиға.
Бұған дейін Ақтөбедегі Неке сарайында 26 жастағы қызды өлтіріп кеткені туралы жазған едік. Куәгерлердің айтуынша, ғимарат маңында жүрген адамдар іштен шыққан айқай-шуды естіген. Оқиға санаулы минут ішінде болған. Полиция келген кезде қыз еденде қансырап жатқан. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Екінші жағдай да Ақтөбеде тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыс бұрынғы ерлі-зайыптылар арасында тұрмыстық жанжал салдарынан болған. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Ведомство өкілдері бұған дейін полицияға аталған тұлғалардың арасында тұрмыстық жанжалдар болғаны туралы ешбір арыз-шағым мен хабарламалар түспегенін атап өтті.
Алтын мен әшекей бұйымдарды қалай ажыратуға болады: Зергер көпшілік біле бермейтін белгілерді атады
