Тоқаев қазақ тілін үйренуді жеңілдетіп, қолжетімді етуді тапсырды
Президент Қазақстанда мемлекеттік тілді үйренуге ниетті азаматтардың қатары артып келе жатқанын айтты. Осыған байланысты қазақ тілін меңгергісі келетіндерге қолайлы жағдай жасау керегін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол үшін Тоқаев оқытудың заманауи тәсілдерін әзірлеуді, соның ішінде қазақ тілін тез әрі оңай үйренуге көмектесетін цифрлық сервистерді дамытуды ұсынды.

Бұл жұмысқа тіл мамандары мен IT саласының өкілдерін тарту қажет екенін айтты.
“Қазақ тілін білген адам қазақ халқын, жалпы Қазақстанды таниды. Тілді үйренген әрбір азамат еліміздің тарихы мен мәдениетін тереңірек түсінеді”, – деді Тоқаев.
Бұған дейін Қазақ тілін дамыту қорында 824 миллион теңге жиналғаны туралы жазған едік. Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы Рауан Кенжеханұлы Президентке "Қазақ тілі" қоғамы үш бағытта жұмыс істеп жатқанын айтты. Олар – қазақ тілін оқыту тәсілдерін жетілдіру, қазақша контентті көбейту және жаңа технологиялар арқылы тілдің қолданыс аясын кеңейту.
Алтын мен әшекей бұйымдарды қалай ажыратуға болады: Зергер көпшілік біле бермейтін белгілерді атады
Алтынның шынайылығын тек түсіне, жылтырына немесе салмағына қарап анықтау дұрыс емес
19 жастағы Аяжан Еділова қалай қаза тапты: Бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген қылмыстың хронологиясы
Аяжан Еділова бар болғаны 19 жасында кісі қолынан қаза тапты