Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде ер адам бұрынғы әйелін өлтіріп кетті: Артында қызы қалды

Ақтөбе әйелдің өлімі
Фото: instagram.com/zhanarly_kyz/

Әлеуметтік жеілде Ақтөбеде 5 қараша күні ер адам өзінің бұрынғы әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады. Марқұмның жақының әйелдің артында бір қызы қалғанын жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Желі қолданушысы күдіктінің қамалғаны туралы жазған.

“Кеше түнде Ақтөбеде менің әпкемді бұрынғы күйеуі өлтіріп кетті. Екеуінің ортақ баласы бар еді. Еркектер сендерге не болған? Жап-жас қызды қорлап өлтіріп тастады , өзі түрмеге кетті , кішкентай қызы жетім қалды”, – делінген жазбада.

Жазба авторы қыз-келіншектерді тұмысқа шығуға асықпауға шақырды. 

Марқұмның тағы бір туыс өзінің парақшасында мезгілсіз қаза туралы жазды.

“Мезгілсіз өлім, мезгілсіз, қайғы, мезгілсіз жоқтау. Жаным-ау, адам қолынан боларын кім білген. Жап-жас едің ғой. Жүрегім қарс айырылып, қол-аяғым байланып отыр. Тәтелеп артымнан ерген сіңлім едің, бауырым едің. Сенің өміріңді алған адамның Алла жазасын берсін. Ботам-ау артыңда қалған періштені аяп отырмын. Шыбын жаны шырылдап қалған әке-шеше, ата-әжеңді аяп отырмын. Сені өлтірген айуанды араларыңдағы періштенің көз жасы аямасын”, – деп жазба қалдырды марқұмның жақыны.

Ақтөбе полициясы қылмыстың болғанын растап, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. 

“Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыс бұрынғы ерлі-зайыптылар арасында тұрмыстық жанжал салдарынан болған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді”, – деп хабарлады полиция департаменті бастығының орынбасары Әсет Қалиев.

Ведомство өкілдері бұған дейін полицияға аталған тұлғалардың арасында тұрмыстық жанжалдар болғаны туралы ешбір арыз-шағым мен хабарламалар түспегенін атап өтті. 

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбедегі Неке сарайында 26 жастағы қызды өлтіріп кеткені туралы жазған едік. Куәгерлердің айтуынша, ғимарат маңында жүрген адамдар іштен шыққан айқай-шуды естіген. Оқиға санаулы минут ішінде болған. Полиция келген кезде қыз еденде қансырап жатқан. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Полиция тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. 

Айым Болатқызы
Жұма, 06 Қараша, 2026 12:32