“Себебін кейінірек айтармын”: Ақан Сатаев ауруханаға түсіп қалды
Режиссер Ақан Сатаев Атыраудағы кардиология орталығында жатқанын айтып, ауруханадан түскен суретін жариялады. Ол жақын арада түсірілімге қайта оралуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Режиссер Instagram парақшасындағы жазбасында ауруханаға не себепті түскенін кейінірек түсіндіретінін айтты.
"Қазір мен Атырау қаласындағы кардиология орталығында жатырмын. Себебін кейінірек айтармын. Ең бастысы – жақын арада бұл орталықтан шығып, “Қан мен серт” фильміміздің түсірілім алаңына қайта ораламын. Аллаға шүкір!" – деп жазды ол.
Сатаев өзіне көмек көрсеткен медицина мамандарына да ризашылығын білдірді.
"Осы тамаша кардиология орталығының барлық дәрігерлеріне, қызметкерлеріне және басшылығына жоғары кәсібиліктеріңіз бен науқастарға деген ерекше қамқорлықтарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді", – деді режиссер.
Жазба астында оқырмандары мен әріптестері оған сауығып кетуін тілеп жатыр.
“Тезірек сауығып кетіңіз”, “Аман болыңыз”, “Денсаулық тілеймін”, “Бір Аллаға аманат”, – деп жазды олар.
Еске салайық, биыл жыл басында режиссер Ақан Сатаев пен Альмира Тұрсын қызды болғаны хабарланған еді.
Алматылықтар тұмшаға тұншығып жатқанын айтып, дабыл қақты: Қай ауданның тұрғындары қауіпті аймақта орналасқан
