"Дұғамның жауабы": Режиссер Ақан Сатаев пен Альмира Тұрсын қызды болды
Фото: instagram.com/almiratursyn/
Танымал режиссер Ақан Сатаев пен актриса Альмира Тұрсынның тұңғышы дүниеге келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сүйінші жаңалықты актриса әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
“Қызымыз дүниеге келді – Айя-Сафия.
Арманым, дұғамның жауабы, Алланың сыйы мен аманаты!
Аллаға шүкір, Жаратқанға сансыз мадақ пен шексіз алғыс!” – деп жазды ол.
Желі қолданушылары өнер иесін құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін режиссер Ақан Сатаевтың екінші әйелі өзін қорлағандарды сотқа бермек екені хабарланған еді.
Алматылықтар тұмшаға тұншығып жатқанын айтып, дабыл қақты: Қай ауданның тұрғындары қауіпті аймақта орналасқан
Almaty Air Initiative: "Қолайсыз ауа райы кезінде ластаушы заттар ауада дұрыс таралмай, қала үстінде жиналып қалады"
“Ішім созылып, әбіржігім келмейді": Қазақстандық қыздар неге бала туудан бас тартып жатыр
Қазақстанда бес жылда туған балалар саны 25 пайызға азайған