“Атын Айлун қоямын деп жүрдім”: Жеңіс Ысқақова қыз сүюді армандағанын айтты
Әнші Жеңіс Ысқақова екі ұлынан кейін қызды болуды армандағанын айтты. Өнер иесі болашақ қызының есімін де таңдап қойғанымен, күнделікті тіршілік пен жұмыстың қамымен жүріп, бұл тілегінің орындалмай қалғанын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әншінің айтуынша, сол уақытта жұбайы аспирантурада оқыған. Ал отбасының табысы үшін өзі жұмыс істеп, концерт беруі керек болған.
"Екі ұлдан кейін қызды болғым келді. Күйеуім аспирантура оқыды. Маған концерт беру керек болды. Екеуміз қарбалас болдық. Үйде жұмыс істейтін бір адам болу керек болды", – деді ол.
Жеңіс Ысқақова қызының атын үлкен ұлы Айбатырдың есіміне ұқсатып қойғысы келген. Алайда уақыт өте келе қыз сүю арманы орындалмай қалған.
"Қыз тусам, атын Айлун қоямын деп жүрдім. Үлкен ұлымның аты – Айбатыр. Соған ұқсатып қойғым келді. Солай жүргенде менің жасым өтіп кетті", – деді әнші.
Кейін өнер иесі өзі таңдаған есімді досы Аллаберген Жақсыбаевтың қызына берген. Досының жары босанған кезде олар әншіден сәбиге ат қоюын өтінген екен.
"Айлун деп қойдым. Қазір қызым сол досымның үйінде. Одан кейін келін алып, немерелі болып, тағы да қызды болып жатырмыз. Әже болған керемет сезім екен", – деді Жеңіс Ысқақова.
Өнер иесі бүгінде келін түсіріп, немере сүйіп отырғанын айтып, әже атанудың қуанышы ерекше екенін жеткізді.
Еске салайық, бұған дейін Жеңіс Ысқақова 60 жас мерейтойында көз жасын тыя алмағаны хабарланған еді.
Алматылықтар тұмшаға тұншығып жатқанын айтып, дабыл қақты: Қай ауданның тұрғындары қауіпті аймақта орналасқан
