Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балалары тосынсый жасаған": Жеңіс Ысқақова 60 жас мерейтойында көз жасын тыя алмады

Жеңіс Ысқақова мерейтой
Фото: Видеодан скриншот

Өткен демалыс күндері “Құрмет” және “Парасат” ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Жеңіс Ысқақова 60 жасқа толды, деп хабарлайды Stan.kz.

Өнер иесінің балалары анасының туған күнін жасырын ұйымдастырып, оған тосынсый жасаған. Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында мерейтойынан видео жариялады.

Кадрлардан Жеңіс Ысқақованың мейрамханаға кіріп келген сәтін көруге болады. Сол уақытта туған-туыстары мен жақындары оны тосыннан күтіп алған. Жиналған қонақтарды көрген әнші ерекше тебіреніп, көз жасына ерік берді.

“Біз Жеңіс әпкені алдап шақырдық, қуаныштың көз жасы”, – делінген жазбада.

Көпшілік Жеңіс Ысқақованы мерейтойымен құттықтап, ақ тілегін арнады.

Айта кетейік, бұған дейін Жеңіс Ысқақова сахнада сақау, сауатсыз әнші көп екенін айтып, әріптестерінің деңгейін сынағаны хабарланған еді. Оның айтуынша, шын талантты, жанды дауыспен ән айтатын жастар сахнаға ашық-шашық киіммен шығатындардың көлеңкесінде қалып кетіп жатыр. Өзін жұлдыз деп есептейтін жас орындаушылардың деңгейі төмен дейді.  

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 12 Мамыр, 2026 14:04