Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр мен қар жауады": Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады

жаңбыр алдағы күн ауа райы
Фото: pixabay.com

Қазгидромет еліміз бойынша 7-9 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері көп аймақта жаңбыр мен қар жауады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Синоптиктердің мәліметінше, алда Қазақстан аумағында бірнеше циклонның өтеді. Нәтижесінде ауа райы тұрақсыз болады. Кезеңнің алғашқы күндері елдің солтүстік өңірлеріне солтүстік циклон әсер етеді. Ал 8 қарашадан бастап Қазақстан аумағына оңтүстік циклон келеді.

“Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде, ал оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауады деп болжануда. 8 қарашада батыс өңірлерде нөсер жаңбыр, 9 қарашада солтүстік-батыс пен батыста қатты жауын-шашын (жаңбыр мен қар), еліміздің оңтүстігінде нөсер жаңбыр болады. Республика бойынша жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі. Еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады”, – делінген синоптиктер хабарламасында.

Ауа температурасы:

  • Батыста: түнде −3, +5 °C-тан −8, +3 °C-қа дейін, күндіз +5, +15 °C-тан +2, +10 °C-қа дейін төмендейді;
  • Солтүстік-батыста: түнде ауа температурасы −1, −8 °C-тан −6, +3 °C-қа дейін сәл жоғарылайды. Күндіз +2, +10 °C-тан −3, +5 °C-қа дейін төмендейді;
  • Шығыста: түнде −9, +2 °C-тан −5, +8 °C-қа дейін, күндіз +2, +12 °C-тан +9, +17 °C-қа дейін жоғарылайды;
  • Оңтүстікте: түнде −2, +6 °C-тан +7, +17 °C-қа дейін жоғарылайды, күндіз +10, +23 °C пен +18, +27 °C аралығында құбылады;
  • Оңтүстік-шығыста: түнде ауа температурасы +0, +10 °C-тан +7, +15 °C-қа дейін жоғарылайды. Таулы аудандарда −3, −8 °C-тан 0, +5 °C-қа дейін көтеріледі. Күндіз +15, +25 °C-тан +17, +25 °C-қа дейін, таулы аудандарда +10, +15 °C шамасында болады.

Еліміздің қалған өңірлерінде ауа температурасының айтарлықтай өзгермейді.

Еске салсақ, бұған дейін синоптиктер еліміз бойынша қараша айына арналған ауа райы болжамын жариялаған еді. Айдың екінші жартысында елдің солтүстігі, шығысы мен орталығында түнгі аяз -18 градусқа дейін жетпек. 

Гүлсезім Мұхатай
Жұма, 06 Қараша, 2026 13:04