Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

37 қылмыстық іс: Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін Қорғаныс министрлігінде жүргізілген тексерістің алғашқы нәтижелері жарияланды

Қорғаныс министрлігі
Фото: Ortcom.kz

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру үшін құрылған комиссия өздерінің жасаған жұмыстарындағы аралық нәтижелерді жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Комиссия Қорғанысты министрлігінің 104 нысанын тексерген. Қазіргі уақытта бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына аудит жүргізу жалғасып жатыр. Әскери қызметшілердің қауіпсіздігіне, қызмет өткеру жағдайларына, азық-түлік және киім-кешекпен қамтамасыз ету сапасына, медициналық қызмет көрсетуге, сондай-ақ мемлекеттік мүліктің сақталуын да өз жіті бақылауында ұстап отыр.

“Анықталған жекелеген құқық бұзушылық деректері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта қылмыстық қудалау органдарының қарауында 37 іс бар. Тергеу мүддесіне байланысты бұл істер жөніндегі мәліметтер әзірге жария етілмейді”, – деп жазды Ақорданың ресми сайтында.

Тексеріс Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ету және әскери тәртіпті нығайту бойынша жүйелі шараларды әзірлеуге бағытталған.

Еске сала кетейік, Маңғыстауда 14 сарбаздың қазасы бойынша тергеу амалдары аяқталуға жақын. Бас прокуратураның мәліметінше, 300-ден астам адамнан жауап алынып, 30-дан астам сот сараптамасы мен зерттеу амалдары жүргізілді.

Ислам Әден
Бейсенбі, 05 Қараша, 2026 18:01