"Бірінші келін бөлек тұрғысы келді": Жеңіс Ысқақова ұлының алғашқы некесін еске алды
Танымал әнші Жеңіс Ысқақова отбасылық өміріне қатысты көпшілік біле бермейтін жайттарды айтып, ұлының екі рет шаңырақ көтергенін жеткізді. Өнер иесі Oilau Youtube арнасына берген сұхбатында алғашқы келінімен болған жағдайды да, қазіргі келінімен қарым-қатынасын да жасырмай әңгімелеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жеңіс Ысқақованың сөзінше, ұлының алғашқы некесі ұзаққа созылмаған. Бұған жас отбасының бөлек тұру мәселесіне қатысты көзқарасы себеп болған.
“Менің балам екі рет үйленген. Оны бүкіл Қазақстан біледі. Бірінші үйленгенде келін “бөлек шығайық” деген. Ұлым болса, “біз осы шаңырақта бірге тұрамыз, бөлек шықпаймыз” деп жауап берген. Содан кейін келін кетіп қалды”, – деді әнші.
Өнер иесі бұл жағдайға өзінің араласпағанын да атап өтті. Айтуынша, ол кезде өзі Астанада тұрған, ал мәселені жастар өзара шешкен.
Жеңіс Ысқақова кейін бұрынғы келінімен сөйлесіп, одан не болғанын сұрағанын айтады.
“Келгеннен кейін бұрынғы келіннен “Не болды, қандай жағдай болды?” деп сұрадым. Ол маған “Сізге ешқандай өкпем жоқ” деді. Сондықтан бұл жерде менің қатысым болған жоқ”, – дейді әнші.
Ал қазіргі келіні туралы Жеңіс Ысқақова ерекше жылы пікір білдірді. Әнші оны “сәнім” деп атайтынын айтып, келініне разылығын жасырмады.
“Қазіргі келінімді “сәнім” деймін. Құдайдан сұрап алған келінім. Аллаға сансыз шүкір. Маңдайынан сүйіп отырамын, бірге тұрамыз. Тіпті “бөлек шығыңдар” десем де, “шықпаймыз” дейді”, – деді ол.
Сонымен қатар әнші үйде үлкен ретінде қажет кезде келініне ақыл айтып, ескерту жасайтынын да жеткізді. Оның сөзінше, алғашқы кездері мұндай сөздерге келіні ренжіп, жылап қалған сәттер де болған.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
