Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

20 қазаннан бастап Қазақстандағы дүкендер отандық тауарларға көбірек орын бөлуге міндеттеледі

Отандық өнімге арнайы сөре платформалар
Фото: Жасанды интеллект көмегімен

Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев 20 қазаннан бастап Қазақстандағы дүкендер отандық тауарларға көбірек орын бөлуге тиіс екенін мәлімдеді. Айтуынша, сауда желілері әр тауар түрінің арасында қазақстандық өнімдердің болуын қамтамасыз етуі керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрдің сөзінше, бұл өзгеріс жергілікті өндірушілердің тауарларын сауда орындарында кеңінен сатуға мүмкіндік беру үшін енгізіліп отыр. Қазір қазақстандық өнімдерді дүкендерде ілгерілету мақсатында сауда желілерімен 72 меморандумға қол қойылған. Дегенмен әзірге дүкендер әр тауар санатында отандық өнімдерге нақты қанша орын бөлуі керектігі айтылған жоқ.

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында елдегі сауда көлемі 61 триллион теңгеге жетті. Былтыр осы кезеңде бұл көрсеткіш бұдан 16 пайызға төмен болған.

Жалпы сауданың 40,7 триллион теңгесі көтерме саудаға, ал 20,5 триллион теңгесі бөлшек саудаға тиесілі.

Сауда айналымының 70 пайыздан астамы бес өңірде шоғырланған. Олар – Алматы, Астана, Шымкент қалалары, сондай-ақ Атырау мен Қарағанды облыстары.

Саудада автокөлік, тұрмыстық техника, дәрі-дәрмек, сусындар, азық-түлік және құрылыс материалдары елеулі орын алады.

Еске салсақ, бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов отандық өнімге қолдаудың аз екенін сынаған еді. Кейін Қазақстанда енді отандық өнімдерге басымдық беріліп, оларға арнайы сөрелерден орындар бөлу туралы мәселе көтерілді. 

Гүлсезім Мұхатай
Сейсенбі, 13 Қазан, 2026 17:47