Ақтөбе облысында 19 жастағы жігітті найзағай соғып, мерт болды

Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында 19 жастағы жігіт найзағай түсіп, көз жұмды. Оның мәйіті Ақмоласай ауылы маңындағы дала аумағынан табылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Diapazon.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәліметтерге сенсек, жергілікті тұрғында Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында 19 жастағы жігітті найзағай соғып, қаза тапқанын айтады.
Полиция дерегінше, 22 маусым күні Ақмоласай ауылының маңындағы дала аумағынан жас жігіттің мәйіті табылған.
"19 жастағы азаматтың мәйітін табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өлімге атмосфералық электр тогының әсері, яғни найзағайдың түсуі себеп болған", – деп хабарлады полиция өкілдері.
Осыған байланысты төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға найзағай кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті. Мамандар ауа райы бұзылған кезде ашық жерде жүрмеуге, жалғыз тұрған ағаштардың түбіне жасырынбауға және мүмкіндігінше қауіпсіз ғимараттарды паналауға кеңес береді.
Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысының Біржан сал ауданындағы Үлгі ауылында найзағай түсіп, 10 жастағы баланың қаза тапқаны хабарланған еді. Қайғылы оқиға балалар көшеде ойнап жүрген кезде болған. Найзағай соққысынан тағы бір 14 жастағы жасөспірім жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Кейін дәрігерлер оның жағдайы тұрақты екенін мәлімдеді. Оқиғаға байланысты полиция сотқа дейінгі тергеу болған еді.
11 миллион теңгеге дейін: Қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша жұмсайтынын айтты
Оқыңыз