Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Хиджап киген қыздың етегін көтеріп тұр": Charlie Hebdo журналы Ердоғанды мазақ ететін сурет жариялады

Charlie Hebdo сатиралық журналының редакциясы мұқабасында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды мазақ еткен суреті бар жаңа басылымын жариялады. Карикатуралар Twitter-де шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ердоған

Суретте орындықта отырған түрік президенті бейнеленген. Бір қолында сусынның ашылған құтысы, ал екінші қолында хиджабтағы даяшының етегін көтеріп тұр. Карикатура авторлары "Ердоған - өмірде жеңілтек адам", - деп жазба қалдырған.

Ердоған бұған дейін халқын Француз тауарларына бойкот жариялауға шақырып, Еуропалық Одақ басшыларының Франция басшысы Эммануэль Макронның "исламға қарсы" әрекетін болдырмауын талап етіп еді.



Екі ел арасындағы жанжал Франция басшысының журналға кез келген карикатураны, соның ішінде Мұхаммед пайғамбарға қатысы барларын да жариялау құқығын бергеннен кейін басталды.

Макрон елдің зайырлы құндылықтарын радикалды исламнан қорғауға уәде берген. Оның пікірінше, ислам дін ретінде бүкіл әлемдік дағдарысты бастан кешуде. 24 қазанда Ердоған алғаш рет француз көшбасшысын тарих пәнінің мұғалімі Самуэль Патидің өліміне байланысты ислам туралы мәлімдеме жасағаны үшін сынға алды.

Айта кетейік, Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Пайғамбардың карикатурасы үшін Макронға шүйлігіп, "өз еліндегі терроризмге шабыт беруші" деп атағанын жазған едік. 

Талқылау