Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген әйелдің күйеуі де жазаға тартылмақ

көлікпен қағып кеткен
Фото: Видеодан скриншот

Көкшетауда әйелді қағып кеткен абайсыз жүргізушіге үкім шығарылды. Енді оның күйеуі де қылмыстық жазаға тартылмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде жол талғамайтын көліктің аулаға кіріп, кенеттен жылдамдықты арттырып, жолдың сыртымен жүріп келе жатқан әйелді қағып кеткен видеосы тарады. Марқұмның артында жалғыз өзі тәрбиелеп отырған кішкентай ұлы қалды.

Кейінірек көлік жүргізген әйелдің ешқашан жүргізуші куәлігі болмағаны және көлікте қасында отырған күйеуі оны жаңа JETOURE көлігінің рөліне отырғызғаны белгілі болды. Көлікте балаларды қоса алғанда, басқа жолаушылар да болған.

Көкшетау қалалық сотында сотталушы көлікті жүргізуші куәлігінсіз жүргізгенін мойындады. Айтуынша, ол "күйеуінің денсаулығының нашарлауына байланысты" көлікті өзі жүргізген.

Сот әйелді екі жарым жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушының екі баласы бар екенін ескере отырып, оның жазасы үш жылға кейінге қалдырылды.Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сондай-ақ жүргізуші куәлігі жоқ адамға көлік жүргізуге рұқсат берген күйеуіне қатысты бөлек қылмыстық іс қозғалды.

Еске салсақ, Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген әйел 2,5 жылға сотталғаны айтылды. 

Қырмызы Скендір
Бейсенбі, 25 Маусым, 2026 16:43