Кәріз құдығына түсіп мерт болғандардың отбасына көмек беріп, несиесін жабады

Павлодар облысындағы "Aqtogai Milk" ЖШС аумағында болған жазатайым оқиға кезінде қаз тапқандарға және зардап шеккен қызметкерге қажетті қолдау көрсетіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, зардап шеккен қызметкер қазір ем қабылдап жатыр.
Үкімет басшылығының тапсырмасымен оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, төтенше жағдайлар, ішкі істер, денсаулық сақтау, экология және табиғи ресурстар, ауыл шаруашылығы министрліктерінің, сондай-ақ Павлодар облысы әкімдігінің өкілдері кірді.
Комиссияға оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті зерделеу, жазатайым оқиғаның себептерін анықтау және мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу жөнінде нақты шаралар әзірлеу тапсырылды.
“Қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккен азаматқа мемлекеттік органдар мен жұмыс беруші тарапынан қажетті қолдау көрсетіледі. Жұмыс беруші материалдық көмек көрсетуді, қаза тапқан қызметкерлердің жалақысы мөлшеріндегі төлемдерді ағымдағы жылдың соңына дейін сақтауды, сондай-ақ олардың несие міндеттемелерін өтеуді өз мойнына алды. Бұдан бөлек, компания қаза тапқан қызметкерлердің кәмелетке толмаған балаларын кәмелеттік жасқа толғанға дейін асырау мен оқуына байланысты шығындарын толық өтемек”, – делінген ведомство хабарламасында.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Павлодар облысына барып, оқиға орнындағы жағдаймен танысып, өңір басшылығының, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен үйлестіру кеңесін өткізді.
ОқыңызМинистр қаза тапқандардың туыстарымен де кездесіп, оларға көңіл айтып, мемлекет тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Қазір қылмыстық кодекстің 156-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және тергеу барысы Үкімет бақылауында болады.
Еске салайық, 20 шілде күні Павлодар облысындағы сүт фермасында кәріз құдығында жұмыс істеген 6 адам көз жұмған еді. Оқиға Aktogai Milk сүт фермасының аумағында орналасқан кәріз құдығында жұмыс жүргізу кезінде болған. 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылы туған ер адамдар мерт болған. Қаза тапқандардың ең жасы – 16 жаста.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты