Балгердің кеңесі ерлі-зайыптыға 926 миллион теңге ұтыс әкелді

Малайзияның Пенанг штатында тұратын ерлі-зайыпты лотереядан 8,1 миллион ринггит, яғни шамамен 926 миллион теңге ұтып алды. Олардың айтуынша, сәттілікке балгер әйелдің кеңесі себеп болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mothership-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Эйр-Итам қаласының тұрғындары қытайлық көріпкелдің өмірлерімен байланысты сандарды таңдауға кеңес бергенін жеткізді. Осыдан кейін ерлі-зайыпты жеке куәліктеріндегі сандарды лотереяға белгілеп, көп ұзамай ірі көлемдегі ұтысқа ие болғанын білген.
Отағасы алғашында мұндай сәттілікке сене алмай, ұтысты бірнеше рет қосымшадан қайта тексерген. Тіпті оны түсім шығар деп ойлағанын да жасырмады.
ОқыңызЕр адам үлкен ақша ұтқанымен, жұмысын тастамайтынын айтты. Ол бухгалтер қызметін жалғастыра бермек. Ал жұбайы зейнетке шығады деп жоспарлаған.
Отбасы ұтыс ақшаның бір бөлігін қарыздарын өтеуге жұмсамақ. Сондай-ақ олар көптен бері армандаған үлкен саяхатқа шығуды көздеп отыр.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.