Әйел ұйқысыздығының арқасында 78 миллион теңгеге байыды
АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында тұратын Сью Роули күтпеген жерден лотереядан 150 мың доллар (шамамен 78 миллион теңге) ұтып алды. Әйелдің айтуынша, оған бұл жолы сәттілік ұйқысыз түннің арқасында келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі UPI-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 8 шілдеде болған. Сол түні ұйқысы қашқан Сью уақыт өткізу үшін онлайн-лотереяға қатысуды ұйғарады. Көп ұзамай оның ұтыс билеті 150 мың долларлық жүлдені жеңіп алғаны белгілі болған.
“Алғашында бұған сене алмадым. Мұндай жағдай күнде бола бермейді ғой”, – дейді жеңімпаз.
Сью Роули қомақты қаржыны үйін жөндеуге жұмсамақ. Оның сөзінше, ұйқысыз өткен түн осылайша өміріндегі ең сәтті түндердің біріне айналған.
IT мамандығын бітіріп, аяқкиім тазалаумен айналысады: 23 жастағы қазақстандық айына миллиондарды қалай тауып жүр
IT мамандығын меңгерген жас кәсіпкер аяқкиім тазалаудан бизнес құрды
Қазақстандықтар брендтердің "қара тізімін" жасады: Кімге және не үшін бойкот жарияланды
Жазба астындағы пікірлерде Jah Khalib есімі көп кездеседі
