Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қожайынының бұйрығын орындап, секіретін құйырықты қой желі жұлдызына айналды

қой желі жұлдыз
Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желі қолданушылары ит сияқты иесінің бұйрығын орындайтын үйретілген Саргүл есімді қойға сүйсінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Саргүл есімді қой Көкшетау қаласында тұрады. Секіріп, түрлі қимыл жасайтын қойдың видеосын иесінің қызы жариялаған. Бір аптаға жетер-жетпес уақытта видео 100 мыңға жуық лүпіл жинаған.

Қойдың иесі, 68 жастағы Темірболат Жүсіповтің айтуынша, ол Саргүлді дәріханадан алынған сүт қоспасымен өзі асырап өсірген. Содан қой оны өзінің ата-анасындай қабылдайтын болар.

Саргүл басқа қойлардан бөлек, балапандармен бірге тұрады. Иесінің айтуынша, жануар мінезді. Ал жақын достары – мысықтар мен тауықтар.

“2024 жылы енесі қоздап, егіз туған. Бірақ біреуін бауырына баспай, тастап кеткен. Сол жылы аяз да қатты болды. Сондықтан оны өзім асырауға тура келді. Жаз бойы секіріп жүреді. Мұндай қылықтары бар екенін өзім де білмедім. Бір күні балаларға көрсетіп, әзіл болсын деп видеоға түсіріп жіберейін дедім. Содан кейін видео кеңінен таралып кетті”, – дейді Темірболат Жүсіпов.

Саргүлге сүйсінген қазақстандықтар әлеуметтік желіде қойды соғымға жібермеуді сұрады. 

Бұған дейін мамандар табиғатқа жіберілген Үміт атты жолбарыстың алғашқы аңшылығы жайлы айтқан еді. Іле-Балқаш резерватына жіберілген Үміт атты амур жолбарысы алғашқы 10 күн ішінде өздігінен аң аулай алатынын дәлелдеді. Жыртқыш қасқыр мен қабан аулаған.

@samal.zhussupova

 

♬ оригинальный звук - samal.zhussupova
Айым Болатқызы
Жұма, 23 Қазан, 2026 09:34