Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда эротикалық іш киім дүкенін дұға оқып, ашты: Салтанатқа қала әкімі де қатысты

іш киім Түркия имам қала әкімі
Фото: Видеодан скрин

Түркияның Чорум провинциясындағы Аладжа ауданында ерекше дүкеннің ашылу рәсімі өтті. Шақырылған дін қызметкері дұға оқығаннан кейін қонақтар лентаны қиды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sozcu.com.tr басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Іш киім дүкенінің ашылу салтанаты түсірілген видео қоғамда дау тудырды. Консервативті бағыттағы Yeni Akit газеті эротикалық іш киім дүкенінің ашылуына шенеуніктер мен дін қызметкерінің қатысуын сынға алды. Олар мұны масқара деп санайды.

Аладжа қаласының әкімі Шериф Арслан қоғамда талқыға түскен жағдайды түсіндіруге мәжбүр болды. 

“Кәсіпкерлер дүкеннің ашылуына жергілікті билік өкілдерін шақырды. Ал біз бизнесті қолдау үшін ғана келдік. Іш киімді бәрі бірдей кимей ме?" – деп таңғалды әкім.

Дін қызметкерінің зейнеткер екенін белгілі болды. Шериф Арслан оның салтанатты рәсім кезінде "тым әсірелеп жібергенін" мойындады.

Бұған дейін Дильназ Ахмадиеваның мұғалім кейпіндегі жаңа бейнебаяны сынға қалған еді. Әнші мен “Азия” тобы “Milfa” атты жаңа әнін көпшілікке ұсынды. Желіде тараған бейнебаян үзінділерінде әнші кеудесі мен саны ашық киіммен қазақ тілі пәнінің мұғалімін сомдайды. Ал топ мүшелері мектеп оқушыларының рөлінде көрінеді.

Айым Болатқызы
Жұма, 23 Қазан, 2026 09:57