Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі БҰҰ Бас хатшысы лауазымына үміткерге қатысты мәлімдеме жасады

СІМ ғимараты
Фото: gov.kz

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы лауазымына Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекеттік сыртқы істер министрі, БАӘ-нің БҰҰ жанындағы бұрынғы тұрақты өкілі Лана Заки Нусейбенің кандидатурасын қолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Министрлік Сайлау процесі Қауіпсіздік Кеңесінде консенсусқа қол жеткізудегі белгілі бір қиындықтармен қатар жүріп жатқанын алға тартты. 

"Қазақстан үміткерлер ортасының кеңеюін құптап, мұны сындарлы диалогты жалғастыру және өзара қолайлы шешім іздеу үшін қобсвыдалмипдсымша мүмкіндік ретінде қарастырады. Қазақстан өз тарапынан халықаралық қатынастардағы БҰҰ-ның ортаҚұрылтайдың алғашқы отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қызметіне көңілі толмай жатқанын айтты.лық рөлін нығайтуды, оның қызметінің тиімділігін арттыруды және жаһандық сын-қатерлерге ден қоюдың көпжақты тетіктерін жетілдіруді дәйекті түрде жақтайды", – делінген ҚР Сыртқы министрлігі хабарламасында. 

Министрлік келесі Бас хатшыны сайлау сессияның айқындаушы оқиғаларының бірі болатынын нақтылады.  

"Қазақстан БҰҰ Жарғысына толық сәйкес келетін ашық, инклюзивті және кандидаттардың кәсіби еңбек үлесіне негізделген іріктеу процесін жақтайды", – делінген ақпаратта.

Еске салсақ, Құрылтайдың алғашқы отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қызметіне көңілі толмайтынын айтқан. Президент әлемде түрлі апатты жағдайлар болып жатқанына алаңдаушылық білдірді. Сөзінше, әлемдік оқиғалар тасыған селдей жүйесіз, бейберекет, сипатқа ие, алдымызда не боларын болжаудың өзі қиын. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 22 Қазан, 2026 22:53