Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда 10 тонналық электр ұшағы алғаш рет экипажбен бірге сынақтан өтті

электрлі ұшақ сынақтан өтті
Фото: Ван Цзилян/Синьхуа

Қытайда 10 тонналық электр ұшағы алғаш рет экипажбен бірге сынақтан өтті. CE-25A деп аталатын әуе кемесі болашақта 19 жолаушыны тасымалдауға арналған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еnglish.news.cn хабарлайды. 

Қытайдың коммерциялық авиация корпорациясының мәліметінше, Қытайдың Шаньдун провинциясындағы Биньчжоу қаласында өткен. Сынақ кезінде ұшақ бортында екі ұшқыш пен бір сынақ инженері болған. 

CE-25A – COMAC компаниясы жасаған алғашқы электрлі коммерциялық ұшақ. Ол негізінен қалалар арасында жолаушы тасымалдауға арналған. Әуе кемесі 19 жолаушыны тасымалдай алады. Ұшақтың ең жоғары ұшу салмағы – 10 тонна. Оның сағатына 300 шақырым жылдамдықпен ұшуға мүмкіндігі бар. Қалыпты ұшу биіктігі – 2400 метр, ал ұшу қашықтығы – 400 шақырым.

Бұған дейін, биыл 2 ақпанда, CE-25A алғаш рет бортында ұшқышсыз, автоматты режимде сынақтан өткен.

Электр ұшағын COMAC компаниясы Қытайдың CATL аккумулятор өндірушісімен, Шанхай Цзяо Тун университетімен және басқа да серіктестерімен бірлесіп әзірлеген. Осы уақытқа дейін әуе кемесі ұшқышсыз режимде 19 сынақтан өткен.

Қытайдың Азаматтық авиация басқармасы COMAC компаниясының ұшаққа типтік сертификат алу туралы өтінімін қабылдаған. 

Еске салсақ, бұған дейін Air Astana компаниясының су жаңа Dreamliner-і сынақтан өткізген еді. Рейстер 2027 жылы ашылады.

Гүлсезім Мұхатай
Дүйсенбі, 16 Қараша, 2026 10:00