Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Халыққа қызмет көрсету орталықтары уақытша жұмыс істемейді

ХҚКО
Фото: gov.kz

Қазақстанда 26 қазанда Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Демалыс Республика күніне байланысты жарияланды. Халыққа қызмет көрсету орталықтары келушілерді 27 қазан, сейсенбі күні қайта қабылдайды.

Мерекеге дейін құжат рәсімдеуді немесе дайын құжаттарды алуды жоспарлаған азаматтар 24 қазан, сенбі күні кезекші бөлімшелерге жүгіне алады. Олар қысқартылған кесте бойынша жұмыс істейді.

  • Кезекші ХҚКО-ларда келушілер сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.
  • Ал мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштер сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін қабылданып, дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алуға болады.

27 қазаннан бастап барлық бөлімше әдеттегі жұмыс кестесіне көшеді.

Бұған дейін қазақстандықтар бірнеше күн бойы жылжымайтын мүлікке қатысты бірқатар қызметті пайдалана алмайтыны туралы жазған едік. 

Айым Болатқызы
Жұма, 23 Қазан, 2026 12:19