Қазақстандықтар бірнеше күн бойы жылжымайтын мүлікке қатысты бірқатар қызметті пайдалана алмайды
Қазақстанда 23 қазан кешінен 27 қазанға дейінгі аралықта жылжымайтын мүлікке қатысты бірқатар мемлекеттік қызмет уақытша қолжетімсіз болмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, 23 қазан сағат 19:00-ден 27 қазан сағат 00:00-ге дейін Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесі мен Жария кадастрлық картада техникалық жұмыстар жүргізіледі.
Осы уақыт аралығында:
- Жер кадастры;
- Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу;
- Нысандарды техникалық тексеру бойынша мемлекеттік қызметтерге өтініш қабылдау тоқтатылады.
Алайда жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге қатысты электронды анықтамаларды цифрлық сервистер арқылы алуға болады.

Шектеулер кадастр жүйесінің QazTRF-23 мемлекеттік координаттар жүйесіне көшуіне байланысты енгізіліп отыр. Жаңа жүйе заманауи ашық спутниктік навигация технологияларын пайдаланып, цифрлық карталар мен кеңістіктік деректермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Бұған дейін Қазақстандықтар Halyk Bank және Отбасы банктің қосымшаларына кіре алмай қалған еді. 5 қаңтардан бастап Halyk Bank пен Отбасы банктің мобильді қосымшалары мен кейбір платформалары техникалық жұмыстарға байланысты уақытша қолжетімсіз болды.
"Алты рет тапсырдым": Алматылық студент IELTS-тан ең жоғары 9.0 баллды қалай алғанын айтып берді