Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дрон шабуылдарынан кейін Каспий құбыр консорциумы Қазақстан мұнайын қабылдауды тоқтатты – БАҚ

Каспий құбыр консорциумы терминалы маңында дрондар екі мұнай танкеріне шабуыл жасады
Фото: pixabay.com

Қазақстан мұнайының шетелге шығатын негізгі жолдарының бірі – Каспий құбыр консорциумы мұнай қабылдауды уақытша тоқтатты. Бұған Новороссийск маңындағы терминалға дрондардың бірнеше рет шабуыл жасауы және танкер иелерінің қауіпсіздікке алаңдауы себеп болған.

Тек шілде айының өзінде Новороссийск маңындағы Каспий құбыр консорциумы теңіз терминалына бес танкер дрондардың шабуылдаған. Каспий құбыр консорциумы 20 шілдеде мұнай тиеу жұмыстары уақытша тоқтатылғанын хабарлағанымен, терминалға қандай да бір зақым келгені немесе жұмысында ақау болғаны туралы ақпарат бермеді.

Консорциумның 15% үлесіне иелік ететін Chevron компаниясы жағдайды бақылап отырғанын мәлімдеді.

"Chevron КҚК айналасындағы жағдайды бақылауды жалғастыруда. Қызметкерлердің қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау – біздің басты басымдығымыз. КҚК бойынша қосымша түсініктеме алу үшін тікелей осы компанияға хабарласу қажет", – делінген Chevron өкілдерінің БАҚ сауалына берген жауабында.

Ал Bloomberg агенттігінің жазуынша, Каспий құбыр консорциумы 21 шілде, сейсенбі күні мұнай қабылдауды тоқтатуды жоспарлаған. Алайда агенттік оның нақты тоқтатылған-тоқтатылмағанын растай алмаған. Bloomberg мәліметінше, бұған танкер иелерінің қауіпсіздікке алаңдап, кемелерін терминалға жіберуден бас тартуы себеп болған.

Гүлсезім Мұхатай
Сәрсенбі, 22 Шілде, 2026 16:51