"Сүйіктілеріңді ешқашан сатпаңдар": Блогер Айым Сейітметова ажырасуға өтініш берді

Танымал блогер әрі актриса Айым Сейітметова әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріндегі өзгерістер туралы ашық айтты. Ол жұбайы Талғат Итаевпен ажырасуға шешім қабылдап, Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш беруге барғанын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогердің айтуынша, ажырасу туралы өтінішті онлайн тапсыруға бірнеше рет әрекет жасағанымен, өтініші қабылданбаған. Осыдан кейін ол ХҚКО-ға өзі баруға мәжбүр болған.
“Қазақстанда ажырасу үшін төрт квестен өту керек. Онлайн өтінішімді үш рет қабылдамады”, – деп жазды ол.
Айымның сөзінше, мұндай шешімге келуіне жолдасының опасыздығы себеп болған. Ол желідегі парақшасында ерлі-зайыптылар арасындағы сенім мен сыйластық туралы жазбамен бөлісті.
“Ер адам көзіңе шөп салса, ол сені жай ғана құрметтемейді. Сенің сезіміңді, араларыңдағы тазалықты және сенімді бағаламайды. Ол өзін таңдайды. Адамды шын сүйсең, өзгелер туралы ойлаудың өзі жиіркенішті болады. Мұндай сәтте ер адам тек өзін және өз жайлылығын ойлайды”, – делінген жазбада.
Сонымен қатар блогер эмоционалды опасыздықтың физикалық опасыздықтан да ауыр тиетінін, өйткені ол адамға деген сенім мен арадағы рухани байланысты бұзатынын айтты.
“Физикалық опасыздық – эмоционалды опасыздық бар кезде тек уақыттың еншісіндегі нәрсе. Жігіттер, аманаттарыңды бағалаңдар және сүйіктілеріңді ешқашан сатпаңдар”, – деді ол.
Блогер қиын кезеңді бастан өткеріп жатқанын да жасырмады. Жариялаған видеосында көзіне жас алып, мұндай ауыр уақыттың да артта қалатынын жеткізді.
Айта кетейік, Айым Сейітметова – актер Азат Сейітметов пен актриса Данагүл Темірсұлтанованың қызы. Қазір ол бір қыз тәрбиелеп отыр.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Оқыңыз