"Жұрт тағы қосып жүрмесін": Аша Матайдың күйеуі өзі туралы қауесетке әзілмен жауап берді
Әнші Арман Қоңыр әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты тараған әңгімеге әзілмен үн қатты. Аша Матайдың жұбайы өзі барған жерден сурет жариялайтын оқырмандарына қалжың аралас өтініш айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін желіде әншінің Қытайда өзге қызбен бірге жүргені туралы болжам тараған. Оған әлеуметтік желіде жарияланған суреттер себеп болған еді.
Осы талқылаудан кейін Арман Қоңыр “Жайлау” гольф-клубынан фото бөлісіп, жазбасында жұрттың өзін тағы біреумен байланыстырып қоюы мүмкін екенін меңзеді.
“Бүгін бұл жерден фото Instagram-ға салмаймыз. Жұрт тағы қосып жүрмесін”, – деп жазды әнші.
Еске салайық, бұған дейін Аша Матайдың күйеуі Арман Қоңырдың шетелдегі суреті желіде күдік тудырғаны хабарланған еді. Желіде тараған жазбада Арман Қоңыр мен Айдана Рахымбаеваның бір локациядан фото жариялағаны салыстырылып көрсетілген. Осыдан кейін оқырмандар олардың бір жерде бірге болған-болмағанын қызу талқылап жатыр.
Пікір білдіргендердің бір бөлігі мұны жай ғана сәйкестік деп қабылдаса, енді бірі олардың арасында жақын қарым-қатынас болуы мүмкін деп топшылаған.
