"Бұлай күтеді деп ойламадым": Балжан Бидаш KeshYou-дың Астанадағы концертінен кейін тыңдармандарына үн қатты

Әнші Балжан Бидаш KeshYou тобының Астанадағы концертінен кейін әсерін бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі көрерменнің өзін ыстық ықыласпен қарсы алғанына толқып, тыңдармандарына алғыс айтты.
Балжанның сөзінше, залдағы жұрттың қошеметі мен қолдауы оған ерекше әсер еткен. Әнші тыңдармандарының өзін осыншалық сағынғанын күтпегенін жеткізді.
“Мені көрген сәттегі реакцияларыңыз… Бұлай күтеді деп шынымен ойламадым. Залдың дауысы, эмоцияларыңыз, қолдауларыңыз мықты сезілді”, – деп жазды ол.
Өнер иесі сол сәтте өзінің де көрерменін қаншалықты сағынғанын сезінгенін айтты.
“Сол кезде қаншалықты сағынғанымды... сағынғандарыңызды түсіндім. Осындай риясыз махаббат үшін рақмет! Мен сіздерді жақсы көрем”, – деп түйіндеді Балжан Бидаш.
Еске салайық, бұған дейін KeshYOU Астанада 20 жылдығын дүркіретіп атап өткені хабарланған еді. Астана сахнасына Балжан Бидаш та шықты. Ол бұған дейін Алматыда өткен мерейтойлық концертке қатыспаған еді.
