Қазақстан Азия ойындарында ММА-дан екінші алтынды жеңіп алды
Қазақстандық ММА шебері Қадырбек Шынбаев Жапонияның Нагоя-Айчи қалаларында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында финалдық жекпе-жегін өткізді. Осылайша ол алтын жүлде жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қадырбек Шынбаев 71 келіге дейінгі салмақта Тәжікстан өкілі Бехруз Хуршедзодамен бақ сынасты. Жекпе-жек қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы басым түсіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Қадырбек Шынбаев Азия ойындарының чемпионы атанып, алтын медаль иеленді. Ал Бехруз Хуршедзода күміс жүлдеге қол жеткізді.
Осылайша, Қадырбек Шынбаев Азиада-2026-да елімізге 12-медалды алып келді. Қазір ел қоржынында 6 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль бар.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алған еді.
Некеге тұрып, үйін иемденіп, өзін өлтірген: Қазақстанда "қара риэлторлар" қалай әрекет етеді
"Қара риэлторлар" ісі бойынша қанды істерді зерттедік
Декретте отырған ананы қай ел көбірек қолдайды? Қазақстанда жаңа заңға сәйкес декреттік төлемдер қалай өзгереді
2027 жылдан бастап жәрдемақы тағайындаудың жаңа тәртібі енгізіледі
