Еркінғали Бүркіталин Қазақстан қоржынына бесінші алтын медальді салды
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Еркінғали Бүркіталин Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Отандасымыз 77 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Ол финалда Бахрейн спортшысы Мухаммад Набиевпен кездесіп, қарсыласын 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді.
Осылайша, Еркінғали Бүркіталин Қазақстан құрамасының қоржынына бесінші алтын жүлдені салды.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық каратэшілер Жоламан Биғабыл мен Софья Берульцева Азиада-2026-да алтын медаль иеленгені хабарланған еді. 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Жоламан Биғабыл финалда Өзбекстан өкілі Хумоюнмирза Халиловты жеңіп, Азиададағы алғашқы медалін еншіледі. Ал Софья Берульцева 68 келіден жоғары салмақта топ жарды. Ол финалда Таиланд спортшысы Маниван Буцуванды жеңді. Бұл Берульцеваның Азия ойындарындағы екінші алтыны.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында қазір 8 медаль бар: 5 алтын және 3 қола.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
