Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Балжан Бидаш қазақстандық актермен сурет жариялап, елді елең еткізді

Балжан Бидаш сүйіктісімен
Фото: Instagram.com/bidash_official

Танымал әнші, КешYou тобының солисі Балжан Бидаш қазақстандық актермен сурет жариялап, оқырмандарын елең еткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жанындағы жігіттің жүзін арыстан бейнелі стикермен жауып, әсерлі жазба арқылы жеке өмірінде жағымды жаңалық бар екенін аңғартқандай болды.

“Мүмкін тағдыр бізді әдейі кешіктірді,
Бір-бірімізді бағалау шін
Қанша жолдан өтсем де өкінбеймін
Себебі барлығы сенің келуің үшін”, – деп жазды ол.

Балжан Бидаш сүйіктісімен
Фото: Instagram.com/bidash_official

Бірнеше сағаттан кейін Балжан Бидаш тағы бір Stories жариялап, жанындағы жігіттің жүзін көрсетті. Ол қазақстандық актер Санұржан Сүлейменов болып шықты. Кейін олардың әншінің жаңа әніне бейнебаян түсіргені белгілі болды.

Дегенмен желі қолданушылары бұл коллаборацияны әртүрлі қабылдады. Кейбірі өнер иелерін жұп деп ойлап, оларға бақыт тілеген.

“Міне, жаңалық!”, “Бақытты болыңыздар”, “Бір-біріңізге лайықсыздар”, – деп жазды желі қолданушылары.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 23 Шілде, 2026 12:12
Талқылау