Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі жеке кәсібін бастап, киім брендін шығарды
Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы кәсіпкерлікке бет бұрып, әйелдерге арналған киім шығара бастады. Ол жеке тігін өндірісін қолға алып, өз өнімдерін әлеуметтік желі арқылы сатпақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айман Талғатқызы Instagram желісіндегі парақшасында TADDS деп аталатын жеке брендінің киім үлгілерін көпшілік назарына ұсынды. Кәсіпкер әйелдерге арналған сәнді екілік костюмдер тігіп, олардың сапасына ерекше мән беретінін жеткізген.
Оның айтуынша, киімдер күнделікті өмірде де, түрлі басқосуларда да киюге ыңғайлы етіп әзірленген. Бір түсті матадан тігілген костюмдердің бірнеше түсі бар. Ал кейбір үлгілерінің жеңі қауырсынмен безендірілген.

Сәндік бұйым сегіз қабат қауырсыннан жасалған. Оны қалаған жағдайда шешіп тастауға да болады.
“Тазалықпен, махаббатпен, ұқыптылықпен, сапамен арнайы тігілген екілік”, – деп жазды Айман Талғатқызы.
Бір қызығы, кәсіпкер киімдерін таныстыру үшін арнайы модельдердің көмегіне жүгінбеген. Ол өзі тіккен костюмдерді киіп, түрлі үлгілерін оқырмандарына көрсетіп жүр.
Айман Талғатқызы жазбасында өнімдерінің жоғары сапалы екенін айтып, олардың сыртқы көрінісімен қатар, ыңғайлылығына да назар аударды.
Еске салайық, былтыр қарашада продюсер Мөлдір Мұқанова әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен заңды түрде ажырасып кеткенін мәлімдеді. Артынша әзілкештің екінші әйелі ретінде Айман есімді келіншек таныла бастады. Ол әлеуметтік желідегі парақшасына видео жүктеп, қызу талқыға түсті.
Алматының жолдарын жөндеуге қанша қаражат жұмсалды: Миллиардтаған теңгені қай компаниялар алып жатыр