"Өз күшіңді өзіңе сақта": Балжан Бидаш Жахан Отарғалиевтің сөзіне жауап қатты
Танымал әнші Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі, актер Жахан Отарғалиевтің өзіне қатысты айтқан сөзіне пікір білдірді. Өнер иесі экс-жұбайының талабын өзін дамытуға берілген мотивация ретінде қабылдағанын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін Жахан Отарғалиев сұхбаттарының бірінде бұрынғы жары Балжан Бидашқа “Қазақстанда теңдесі жоқ әнші екенін дәлелдеуі керегін” айтқан.
Актердің осы сөзі әлеуметтік желіде қайта тарағаннан кейін әнші Instagram парақшасында Stories жариялап, өз ұстанымын білдірді.
Балжан Бидаш ешкімге ештеңе дәлелдеуге міндетті емес екенін, алайда өзіңе айтылған сөздерді дамуға түрткі ретінде пайдалануға болатынын жеткізді.
“Ешкімге ештеңені дәлелдеудің қажеті жоқ дейді ғой. Бірақ оны мотивация ретінде қабылдаған да дұрыс. Сол арқылы өзіңді дамытасың. Алайда бұл беріліп, бар энергияңды сол адамдарға жұмсау керек деген сөз емес”, – деп жазды әнші.
Өнер иесі бұл жазбаны тек бұрынғы күйеуіне жауап беру үшін емес, оқырмандарына ой салу мақсатында жариялағанын атап өтті.
“Бұл стористі оқырмандарыма мотивация болсын деп салдым. Өзіңе сенімді болсаң, артқа қарамай, тек алға ұмтылып, өз жұмысыңды жасайсың. Сондай-ақ олар туралы әңгіме қозғауға да ниетің болмауы керек. Өз күшіңді өзіңе сақта!” – деді Балжан Бидаш.

Еске салайық, әнші Балжан Бидаш пен актер Жахан Отарғалиев 2020 жылдың соңында шаңырақ көтерген. Алайда пандемияға байланысты үлкен тойларын кейінге қалдырды.
Ал 2023 жылғы қыркүйекте өнерлі жұп ажырасқанын ресми түрде мәлімдеді. Кейін Балжан Бидаш сұхбаттарының бірінде ажырасу туралы шешімді өзі қабылдағанын айтып, бұған мінездері мен өмірлік құндылықтарының сәйкес келмеуі себеп болғанын жеткізді. Ал 2025 жылғы қаңтарда Жахан Отарғалиев үшінші рет шаңырақ көтерді.
Алматыдағы жол жөндеуге кім жауапты: Мердігер компаниялар қанша миллиард теңгеге келісімшарт жасаған
