Қазақстандық журналист АҚШ-тағы телеарнаға басшылық қызметке тағайындалды
Қазақстандық журналист Талғат Алманов АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасының жаңалықтар редакциясына басшылық қызметке тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Талғат Алманов АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасының жаңалықтар редакциясына басшылық қызметке тағайындалды. Ол енді Executive Reporter лауазымында редакция жұмысын үйлестіріп, жаңалықтардың сапасы мен уақытылы шығуына жауап береді. Бұл туралы Inbusiness.kz хабарлады.
Айта кетейік, Талғат Алманов еңбек жолын Нью-Йорк штатының Буффало қаласында орналасқан ABC 7 (WKBW-TV) телеарнасында жалғастырады.
Жаңа қызметінде ол редакция жұмысын ұйымдастырып, журналистер дайындаған материалдардың сапасын бақылайды. Сонымен қатар жаңалықтардың көрерменге жедел әрі сапалы жеткізілуін қамтамасыз етеді.

Басшылық қызметке тағайындалғанына қарамастан, журналист шығармашылық жұмыстан қол үзбейді. Ол телевизиялық репортаждар әзірлеп, журналистік зерттеулер жүргізуді жалғастырады.
Талғат Алмановтың АҚШ медиасындағы мансабы бірнеше жыл бұрын басталған. Ол Нью-Йорк университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алған. Кейін Джорджия штатындағы Atlanta News First телеарнасында журналист әрі продюсер болып жұмыс істеген.
Сондай-ақ бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік телеарналарының бірінде АҚШ-тағы меншікті тілші қызметін атқарған.
Еске салайық, бұған дейін бұрынғы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды. Ермек Көшербаев еңбек жолын Сыртқы істер министрлігінде бастаған. Қазақстанның Швейцариядағы елшілігінде жұмыс істеп, Президент әкімшілігі мен Премьер-министр аппаратында қызмет атқарған. Кейін "ҚазТрансОйл", "ҚазМұнайГаз" компанияларында, "Атамекен" одағында және KazEnergy қауымдастығында жұмыс істеген.