Қазақ жігіті Лондонда бір ауданның мэрі болды

33 жастағы қазақстандық Санжар Әбішев Лондондағы Сент-Джеймс ауданының мэры болып сайланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл жаңалықты кәсіпкер Қанат Көпбаев желіде бөлісті. Айтуынша, Санжар Әбішев досының ұлы.
“Қазақ жігіт Лондондағы Сент-Джеймс ауданының мэры болып тағайындалды! Ол менің ескі досым, кәсіпкер Азат Әбішовтың ұлы Санжар, небәрі 33 жаста. Лондондағы атақты Malvern коллежін, сосын университет бітіріп, енді қалалық Westminster City council атқарушы органына мүше болып енді. Консервативті партия өкілі ретінде, бас бәсекелес лейбористерден 350 дауысқа озып шықты. Құтты болсын Санжар Азатұлы, үлкен саяси шыңдардан көріне бер!” – деп жазды ол.
Сент-Джеймс – Лондонның тарихи орталығында орналасқан беделді аудан. Ол Пикадилли, Pall Mall және Regent Street көшелерінің арасында, Букингем сарайынан жаяу жүретін қашықтықта орналасқан. Мұнда Сент-Джеймс саябағы мен бүкіл Корольдіктегі ең қымбат жылжымайтын мүлігі орналасқан.
Санжар бұл ауданда мектеп жасынан бері тұрады. Атақты Malvern College колледжін және университетті тәмамдаған.

“Қазақ отбасынан шыққан, британ элитасында туыстары да, байланыстары да жоқ жігіт білімнің, тәртіптің және көпжылдық еңбектің арқасында Лондонның мәртебелі аудандарының бірінің мэрі атанды. Бұл – оның үлкен жолының бастамасы ғана деп сенемін. Санжар Азатұлын шын жүректен құттықтаймын! Өз ауданыңа, қалаңа, еліңе пайдаңды тигізе бер. Және қазақтардың да сені мақтан тұтып, қуанып жүргенін ұмытпа!” – деп қосты Қанат Көпбаев.
"Адам қағып өлтіру, есірткі мен тәртіпсіздіктер": Қоғамды дүр сілкіндірген шенеуніктің ұлы Мақсат Үсенов қалай жазадан құтылып келді?
Оқыңыз